Ақтауда Lider.kz қозғалысының еріктілері мен полицейлер жоғалып кеткен 11 жастағы Нұрислам Мамбековті іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада"басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқушы жексенбі, 4 желтоқсанда жоғалып кеткен. Ол сол күні сағат 16:35-те "Ақтау" сауда ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Белгілері: орта денелі, бойы - 150-155 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр. Бетінде меңі бар. Қара көк түсті күрте, көк бас киім, бүйірінде ақ жолағы бар қара шалбар киген.
Жоғалған бала туралы мәлімет білетіндер +7(700) 499-72-92, +7(700) 729-20-12 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуларын сұраймыз.