Фото: Lada.kz
Ақтауда 33-ші шағын аудандағы екі үйдің тұрғындары электр қуатының бір тәуліктен аса жоқтығынан наразылық ретінде көшеге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Ладаға" сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, электр қуаты 9 қыркүйекте кешке өшірілген.
"Бір күннен артық жарық жоқ. Тағы да "желдеткішті" өшіруді бастады ма? Неліктен бәрі соншалықты бей-жай қарайды?", - дейді тұрғындар.
Сағат 22:00-де №7 үйдің тұрғындары жол қозғалысын тоқтатуға тырысты. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.
Ал әкімдік мамандар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
"АЭжБУ" МКК кеше кешке, 09.09.2023 жылы 33-ші шағын аудандағы №№ 6 және 7 үйлерде апат болғанын хабарлайды. Тексеру нәтижесінде қосалқы станциялардан шығатын бас кабельдерде алты зақым анықталды.
Түнде зертхана зақымдану орнын іздеу және жөндеу жұмыстарын жүргізді. Ол үшін жерді арнайы техникамен қазып, кабельді тексеруге тура келді. Қазір бірнеше бригада екі ауысымда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін 15 метр кабельді ауыстырып, сынақ жүргізу қажет.
Құрметті қала тұрғындары, түсіністікпен қарап, шыдамдылық танытуды сұраймыз. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - дейді Ақтау әкімдігі.