16 мау, 2023 сағат 14:46

Ақтау мен Тараздағы арнайы операция: ҰҚК 5 адамды ұстады

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтау және Тараз қалаларында қарудың заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10-12 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел қызметкерлері "А" арнайы мақсаттағы қызметінің күштік қамтамасыз етуімен Ақтау және Тараз қалаларында қарудың заңсыз айналымы арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.


"Қылмысты жасады деген күдікпен республикамыздың бес тұрғыны ұсталып, оның екеуі тергеу оқшаулағышына қамалды. ҰҚК қызметкерлері ұзақ уақыт зерделеу барысында атыс қаруы мен оқ-дәріні әкелу және сату жолдарын құжаттап алған.

Соталды тергеу фигуранттары құпиялық шараларын қатаң сақтап келген және саудалау барысында әртүрлі амалдарды қолданған", - делінген хабарламада.


Арнайы операция нәтижесінде заңсыз айналымнан екі «Калашников» автоматы және 100 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.