03 қаз, 2022 сағат 13:06

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды


Ербол Ізбергенов Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 қазанда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына басқа жұмысқа ауысқан Нұрдәулет Қилыбайдың орнына Ақтаудың жаңа әкімі кандидатурасын ұсынды. Президент Әкімшілігімен келісілген жаңа кандидат бұрын Ақтау әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ербол Ізбергенов болды", - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігі мәліметінше, депутаттар Ізбергеновтің кандидатурасын қолдаған.

"Нұрлан Ноғаев Нұрдәулет Қилыбайға атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, Ербол Ізбергеновке Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, - баспасөз қызметінің өкілдері.