Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev
Ақтау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі тұрғын үй кіреберісінің төбесі құлаған оқиға туралы тың деректер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
11 мамырда 9-шағынаудандағы үйлердің бірінде кіреберістің бетоны құлады. Төтенше жағдай салдарынан бір ер адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті.
"9-шағынаудан, 4-үй мекенжайындағы кіреберісті бөлшектеу бойынша жоспарлы жұмыстар барысында бетон құлады. Өкінішке қарай, бір адам қаза болды, тағы екеуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың бәрі - "Нестле Мол" сервис компаниясының қызметкерлері, олар "Татьяна" пәтер иелерінің кооперативіне қызмет көрсетті", - деді Ақтау әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі.
Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
"Марқұмның отбасына көңіл айтамыз", - деді қала әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы өкілі.