18 мам, 2022 сағат 22:50

Ақсу-Жабағылы тауларында Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды


Түркістан облысындағы Ақсу-Жабағылы қорығында Тянь-Шань қоңыр аюының видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аюды блогер Айбар Төлеубеков камерасы бар дронның көмегімен түсіріп алған. 

«Біз Ақсу-Жабағылы қорығының аумағына кірмес бұрын рұқсат алдық. Біздің мақсатымыз табиғаттың сұлулығын түсіру болды. Дронмен видео түсірген кезде аю мен оның қонжығы кездейсоқ түсірілгенін байқадым», - деп бөлісті видео авторы.

Табиғат туралы Tabigat Media онлайн-басылымның мәліметінше, қоңыр аюдың шағын түрі саналатын Тянь-Шань қоңыр аюы видеоға түскен. 

Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 

Ақсу-Жабағылы – Қазақстандағы ең ескі және ЮНЕСКО биосфералық қорығы мәртебесін алған Орталық Азиядағы бірінші қорық. 

Ол Батыс Тянь-Шань сілемдерінде теңіз деңгейінен 1 000-нан 4 280 метрге дейінгі биіктікте орналасқан.