Каспий құбыр консорциумында жөндеу жұмысы қалай жүріп жатыр? Аталған сауалға еліміздің Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Каспий құбыр консорциумының жұмысы соңғы уақытта өзекті мәселе болып отыр. Жөндеу жұмыстары осы айдың соңына дейін жалғасады. Бізде қажеттінің бәрі бар, жұмыс жүріп жатыр. Осыдан бір жарым апта бұрын сүңгуір жабдықтарының жеткіліксіздігіне байланысты мәселе туындады. Өйткені барлығы судың астында. Қажетті жабдықтар жеткізілді. Жұмыс жалғасуда, кеше ғана әріптестеріммен сол жайында сөйлестік. Қазан айының соңында, 25-нен кейін айлақта орналасқан шығармалы құрылғы (АШҚ) қосымша шіске қосылатын болады», - деді Болат Ақшолақов ОКҚ-де өткен брифингіде.
Ведомство басшысының мәлімдеуінше, Каспий құбыр консорциумы техникалық тұрғыдан 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
«Уақыт өткен сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Механикалық тұрғыдан алғанда әр жабдықтың қолдану шегі бар. Айта кететіні, жөндеу жұмыстары толығымен жүріп жатыр. Соған қарамастан консорциум жұмысы ұзақ мерзімге тоқтаған жоқ. Біздегі бар айлақта орналасқан шығармалы құрылғы (АШҚ) биылғы өндірісті Қазақстан үшін толығымен экспорттауға мүмкіндік береді. Екі құрылғы бұл 100-120% қуат, ал үшіншісі үнемі резервте тұрады. Осыған байланысты біз алдағы жылдары Каспий құбыр консорциумының өндіріс жоспарына түзету енгізуді қаламаймыз. Яғни 2023 жылы – 92 млн тоннадан астам, ал 2025 жылға қарай 100 млн тонна және одан көп өнім алу», - дейді ол.