21 там, 2023 сағат 18:34

"Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылып, бір адам көз жұмды

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында "Ақшабұлақ" кен орнында өрт шығып, салдарынан 1 адам қаза болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, полиция “Ақшабұлақ“ кен орнындағы өртке байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

"19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында “Ақшабұлақ” кен орнында цистерна жарылып, өрт болды. Салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды. 

ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән–жайлар анықталуда" - делінген хабарламада.