Иллюстрация: elements.envato.com
Павлодар тұрғыны алаяқтардың есепшотына 40 миллион теңге аударған. Белгілі болғандай, ақша аударымы украиналық банктердің біріне түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полицияның мәліметінше, ер адам белгісіз интернет алаяқтарының құрбаны болған.
"Павлодар тұрғынына белгісіз адам хабарласып өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, оның атына біреулер несие рәсімдеп жатқанын хабарлаған. Әрі қарай, оның шотында алаяқтар ұрлап алатындай ақша бар ма деп сұраған. Ер адам депозитте және ағымдағы шотта ақша бар екенін, оның сомасын айтқан. Қоңырау шалушылар бұл ақшаны басқалар алмайтын қауіпсіз шотқа аудару керек екенін айтып, банк нөмірін айтады. Жәбірленуші ақшаны сол шотқа аударған", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес бөлімінің жедел уәкілі Аман Әубәкіров.