07 шіл, 2022 сағат 13:15

Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттады


Ақша айырбастау орындарында доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы өсті. Доллар бағамын Kurs.kz деректерінен көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде сағат 11.40-тағы жағдай бойынша долларды сатудың орташа бағамы - 481,4 теңге, сатып алу - 474,1 теңге.

Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде сату - 478,9 теңге, сатып алу - 474,1 теңге.

6 шілдеде Алматыда доллар 472-474 теңгеге, Нұр-Сұлтанда 468-472 теңгеге сатылған болатын.

Айта кетейік, АҚШ валютасының 7 шілдедегі ресми бағамы - 469,26 теңге.