Ақша айырбастау орындарында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Kurs.kz мәліметінше, 11 мамырдағы жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы 467,76 теңге, сатып алу – 461,05 теңге.
Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттерінде долларды сату бағамы – 468,66 теңге, сатып алу – 462,41 теңге.
Айта кетейік, 10 шілдеде Алматыда валюта 471-476 теңгеге, Нұр-Сұлтанда 470-475 теңгеге сатылған болатын. Доллардың 9-11 шілдедегі ресми бағамы 474,92 теңге болды.
794 рет оқылды