Бір топ адам Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы есірткі әкелуге әрекет еткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Есірткі өзге зат түрінде штаттардан Алматы қаласына жіберіліп, одан ары Астанаға жөнелтілген.
"ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын одан әрі бақыланатын жеткізуді жүзеге асырды.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат есірткі болып шықты. Жалпы салмағы 500 гр. болатын кептірілген марихуана.
Сәлемдемені Астана тұрғыны алып, одан әрі орау үшін басқа азаматқа берген. Аталған азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде ұсталды. Олар УҰИ қамалды" - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.