ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы ірі алаяқтық әрекеттерге үш Қазақстан азаматының қатысқанын растады, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Біздің Нью-Йорк қаласындағы бас консулдығымыз Америка тарапымен тығыз қарым-қатынаста, қажетті консулдық және құқықтық қорғауға қатысты көмек көрсетіліп жатыр. Нью-Йорк штатының оңтүстік округынан келіп түскен мәліметке сәйкес, қамауға алынған азаматтардың арасында біздің үш азаматымыз бар. Олар - Азиза Джавадазаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған, Диора Әшірова, 1991 жылы туған, және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған. Біз олардың Қазақстан азаматтары екенін растаймыз. Оларды қамауға алды. Біз өз тарапымыздан тиісті көмек беріп жатырмыз", - деді Қ.Әбдіраxманов журналистерге берген сұxбатында.
Айта кетейік, бұған дейін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Нью-Йорк қаласында қылмыстық топтың ұсталғаны жайында жазылды. 25 адам ірі алаяқтықпен айналысты. Олар ғаламторда жалған xабарландыруларды орналастырып, көліктерді сатқан. Алайда уақытша фирмалар арқылы алдын ала төлем алғаннан кейін іздерін жасырып отырған. Осылайша, алаяқтар 4,5 млн долларды қолды қылған. Нью-Йорк штатының заңнамасы бойынша қылмыскерлер 20-30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.