07 мам, 2022 сағат 14:01

АҚШ-та мұнай мен алтын қымбаттап, биткоин арзандады


АҚШ-тағы инфляцияның қарқынды өсуіне және оны тежу қиындықтарына байланысты әлемдік қор нарығындағы жағдай тұрақсыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Investing.com сайтына сілтеме жасап.

АҚШ қор нарығындағы құлдырауы Украинадағы жағдай мен Қытайдағы карантиннің күшеюі себепті болып отыр. 

Сайттың дерегенші, АҚШ мұнайының фьючерстері 1,51 долларға қымбаттап, барреліне 109,77 долларды құрады, ал Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,49 долларға көтеріліп, 112,39 долларды құрады. 

АҚШ-тың алтын фьючерстері 0,4%-ға қымбаттап, унциясы үшін 1882,80 долларды құрады. 

Ал биткоин 1,76%-ға төмендеп, 35 891,06 доллар болды.