14 қар, 2022 сағат 16:44

АҚШ Ресейге әскери технология сатып алатындарға санкция салмақ


АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен Ресейге әскери технология сатып алып, жеткізумен шұғылданатын жеке тұлғалар мен компаниялардың трансұлттық желісіне жаңа санкция салынатынын хабарлады.

"Бұл - біздің Ресейдің әскери қимылына қарсы тұру үшін жасап отырған әрекетіміздің бір бөлігі" деді Йеллен Балидегі G20 саммиті кезінде журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзінше, мұндай санкцияға 14 жеке тұлға мен 28 ұйым және делдалдар кіреді. Йеллен мұнан әрі қарай тарата айтпаған. Бұл санкция туралы дүйсенбі, 14 қарашада кешке ресми түрде жарияланады деген.

Украинаға басып кірген соң АҚШ Ресейге бірнеше санкция салған. Аэроғарыш өнеркәсібі мен электроника саласында маңызды ресурстардан айыру үшін Ресейдің әскери өнеркәсіп кешенін де санкцияға қосқан.

Өткен аптада Вашингтон мұнан әрі Ресей экономикасын нарықтық экономика деп санамау туралы шешім қабылдаған.