АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау жөніндегі басқармасы Johnson & Johnson корпорациясы шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаны егуді тоқтатуға кеңес берді. Оған вакцина егілген алты әйелдің тромбофилияның сирек кездесетін түріне шалдығуы себеп болған.
АҚШ Johnson & Johnson корпорациясының векторлық вакцинасын ақпан айында мақұлданған. Сынақ қорытындысы бойынша, оның пайдалы әсері шамамен 66 пайызға жетеді. Өзге вакциналардан ерекшелігі – оны екі рет емес, бір рет салса жеткілікті.
12 сәуір күнгі мәлімет бойынша, АҚШ-та бұл вакцина 6,8 млн адамға салынған. Вакцина алған алты адамның ағзасында тромбылар түзілген. 10 сәуірде Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі Johnson & Johnson препаратын қабылдаған төрт адамда тромбының пайда болуын зерттейтінін хабарлаған.
Британдық AstraZeneca вакцинасына байланысты да осыған ұқсас жағдай болған. Ол кезде әйелдерден тромб анықталған. Мамандар әйелдердің тромбоз мен автоиммунды ауруға шалдығуына бейім келетінін айтады.
Ұлыбритания үкіметі 30 жасқа дейінгі адамдарға аталған препаратты салмау туралы шешім қабылдаған. Еуропа ауруханаларына вакцина салғаннан кейін жағдайы нашарлаған адамдарды тексеру және емдеу бойынша кеңестер берілген. Еуроодақ билігі вакцинаның жанама әсерінен гөрі пайдасы мол екенін алға тартады.