Фото: state.gov
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ-тың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестігін мақтан тұтатынын айтты.
"Бүгін Астанада Сыртқы істер министрі Тілеубердімен тамаша кездесу өтті. Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы өркендеуге, қауіпсіздікті нығайтуға және егемендікті қолдауға негізделген Қазақстанмен орнатылған кеңейтілген стратегиялық серіктестікті мақтан тұтады", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.