Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл ғана өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,36 тиынға қымбаттады.
Осылайша бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 99 теңге болды.
Ал доллардың 13 сәуірдегі ресми бағамы 449, 74 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 451, 41 теңге, сатып алу – 453, 90 теңге. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 451, 07 теңгеден болса, сатып алу құны – 454 теңге.