Сурет: БҚО ПД баспасөз қызметі
Ақсай қаласында бейнекамера жазбасы арқылы қылмыскер анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, жедел уәкіл қызметкерлеріне қылмыскердің ізін анықтауға оқиға болған аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбалары көмектескен.
Қылмыс қыркүйектің 9-ына қараған түні Ақсай қаласында болған. 1991 жылы туған әйел түнделетіп үйіне келе жатып, жігітті кездестіреді. Ол белгілі бір мекен-жайды айтып, мұны әңгімеге шақырады. Алайда танысу күш қолдануға дейін жетіп, ер адам зорламақшы әрекет жасайды. Әйел қашып үлгереді. Қылмыскер де оқиға орнынан бой тасалайды.
Үйіне келген жәбірленуші жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады.
"Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасаған Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын ұстады. Аталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды.
Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес УҰИ-ға қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы – 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды" - делінген хабарламада.