19 шіл, 2022 сағат 11:36

Ақсайда 64 жастағы кәсіпкерді өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр


Ақсай қаласында 64 жастағы кәсіпкерді өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 шілде күні сағат 22.00-де болды.

«М.Иқсанов көшесіндегі өз үйінің кіреберісінен 1958 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм басынан оқ жарақатын алған. Сондай-ақ үйдің ауласынан маркасы белгісіз атыс қаруы табылып, тәркіленді. Мүрде Орал қаласындағы мәйітханаға жіберілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті іздестіріліп жатыр», деді ведомстводан.

Марқұм өз дүкені бар кәсіпкер болған.