26 ақп, 2020 сағат 12:50

Ақсай қаласындағы орталық көшеге әл-Фарабидің есімі берілді

Ақсай қаласындағы орталық көшеге әл-Фарабидің есімі берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ақсай қаласының әкімі Аманкелді Тоғызбаевтың шешімімен барлығы 25 көшенің атауы өзгертілді.

Осылайша бұрынғы Советская көшесі биыл 1150 жылдығы ел көлемінде кеңінен аталып жатқан ғұлама ғалым әл-Фарабидің есімін иеленді.

Сондай-ақ Утвинская көшесі – Мұхтар Әуезов, Первомайская – Жұбан Молдағалиев, Комсомольская – Талғат Бигелдинов, Октябрьская – Хиуаз Доспанова, Вахтовая - Бекзат Саттарханов есімдерімен аталатын болды.

Сол секілді 8 март – 8 наурыз, Безымянный переулок – Өркен, Западная – Батыс, Восточная – Шығыс, Линейная – Жібек жолы, Центральная – Орталық, Молодежная – Жастар, Овражная – Береке, Пролетарская – Желтоқсан, Рабочая – Зерде, Северная – Солтүстік, Трудовая – Еңбекші, Тупиковая – Көкжиек, Чингирлауская – Шыңғырлау, Школьный переулок – Балдырған, Южная – Оңтүстік, Садовая – Иван Ващук, Кооперативная Қайыр Шәкенов болып өзгертілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралдағы орталық даңғылдардың біріне Абайдың есімін беру ұсынылғанын жазған болатынбыз.