Ақсай қаласында 41 жастағы ер адам өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 маусым күні таңғы сағат 07.30-да болған.
«1981 жылғы ер адам өз қаруымен өзін-өзі атқан. Марқұм есін жия алмастан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, оқ ер адамның жүрегінен тиген. Ол жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды.