Ақмола облысында жолда қар құрсауында қалған Түркияның екі азаматы құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, желтоқсанның 22-де сағат 14:09-де «Жақсы-Державинск» тас жолының 89-шы шақырымында екі жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды. Екі көліктің жүргізушілері де - Түркия азаматтары.
«Бізге Жарқайың және Жақсы аудандарының шекарасында техника тиелген екі жүк көлігінің қарға батып қалғаны туралы ақпарат түскен. Жүргізушінің екеуі де - Түркия азаматтары. Шетелдіктердің Нұр-Сұлтанға бағыт алғаны анықталды. Олар боранда адасып, жолда қалған қалған», - дейді Жақсы аудандық ТЖБ басшысы Манат Бегалин.
Құтқару жұмыстарына ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмылдырылды.