Ақмола облысында шенеуніктер 2 жер телімі бойынша жер пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығару үшін кәсіпкерлік субъектісінен 800 000 теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір аудан әкімінің орынбасары мен сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысына қатысты алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді сотқа жолдады», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.
Оның айтуынша, шенеуніктер 2 жер телімі бойынша жер пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығару үшін кәсіпкерлік субъектісінен 800 000 теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.
«Былтыр 17 қазанда оларға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. 2020 жылы 24 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен Аршалы аудандық сотына жолданды», - дейді ол.