Бүгін Ақмола облысында «Kokshetau Folkfest» «Достық керуені» өңіраралық фольклорлық фестивалі сәтті аяқталды. Іс-шара облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Бурабай курортында өтті.
Фестивалге Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан кәсіби, көркемөнерпаз фольклорлық ұжымдар мен жеке орындаушылар қатысты.
«Фестивальдің басты мақсаты өзіндік мәдениетті, түрлі этностардың фольклорын жаңғырту, сақтау және танымал ету, рухани бірлк пен ұлтаралық келісімді нығайту болды. Ақмолалықтар мен өңіріміздің қонақтары үшін еліміздің ең жарқын және талантты ұжымдары мен орындаушыларының фольклорлық шығармашылығымен танысуға тамаша мүмкіндік туды», - дейді мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Бекназарова.
Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында атап өткендей, Ақмола облысының шығармашылық ұжымдары тек республикалық сахнада ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада да бай тәжірибе жинақтады. Мысалы, биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Заманауи Қазақстан жаһандық әлемде» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында Ақмола облыстық «Гәкку» филармониясының би ұжымы Біріккен Араб Әмірліктерінде «Қазақ мәдени мұрасы апталығының» қатысушысы болды. «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары Ресей, Түркия және Грузияны өз дарындарына тоғыстырды, онда хореографиялық өнердің халықаралық фестиваль-конкурстарында І, ІІ және ІІІ дәрежелі лауреаттар және Гран-При иегерлері атанды.
Сондай-ақ, Қазақстанның халықаралық мәдени кеңістікке кірігуіне биылғы жылы Ресейдің, Польшаның, Монғолияның, Египеттің және Оңтүстік Кореяның халықаралық іс-шараларына қатысқан көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдары өз үлесін қосты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы театр өнері қайраткерлеріне де шабыт берді. Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры үшін олардың «Жеңімпаз портреті» жобасының америкалық дипломатиялық миссия ұйымдастырған халықаралық қысқа метражды фильмдер конкурсында 2019 жылғы үздік қысқа метражды фильмдер жинағына енуі үлкен жетістік болды. Сол жылы облыстық орыс драма театры Буинск қаласында (Ресей) ұлттық театрлардың ІІІ Халықаралық фестивалінің қатысушысы болды.