14 ақпанда Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс студенті тәуліктік кезекшілік қызметі кезінде өзіне оқ атып, қаза тапқан.
“13 ақпанда Ш. Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 1-курс кадеті тәуліктік кезекшілік міндетін өтеуге кірісу барысында бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, мерт болды. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесінде.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
“Қорғаныс министрлігі басшылығы және әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады”, – делінген хабарламада.
Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан. Колледж – қарулы күштер құрамына кәсіби сержанттарды дайындайтын негізгі орталық.