Фото: Polisia.kz
Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ішкі істер министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
25 ақпанда жүк пойызының машинисі Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жылқылар жүрген соң шұғыл тежеуді қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмай, нәтижесінде 32 жылқыны қағып кеткен.
Пойыз апат болған жерде 50 минут тоқтаған.
"Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жылқылардың қалған иелері ауыл тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада