видеодан алынған кадр
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.
"Lexus LS 430 көлігі мен DAF бензин тасығышының бетпе-бет соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді.
Оқиға орнында Lexus-тың 42 жастағы жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.