Біржан сал ауданының Макинка ауылында екпінді жел су жинау мұнарасын құлатты. Бұл туралы брифингте Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біржан сал ауданының Макинка ауылында екпінді желдің салдарынан су жинау мұнарасы құлап қалды. Осының салдарынан ауылдың тұрғындары 1,5 мың тұрғыны ауызсусыз қалды. Қазіргі кезде оқиға орнында аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде», - деді Қанат Доспаев.
Қанат Доспаев атап өткендей, қазіргі уақытта аталмыш ауыл тұрғындарын су тасымалданып жеткізілуде. Сонымен қатар, су жинау мұнарасын қалпына келтіру мәселесі шешілуде.