14 нау, 2023 сағат 13:48

Ақмола облысында жабайы қабанды атып алған браконьер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында полицейлер жабайы қабанды атып өлтірген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

"23 қаңтарда Сандықтау ауданының полиция бөліміне табиғатты қорғау полициясы инспекторынан Петровка ауылының шетінде браконьерлікпен айналысқан белгісіз адамның жабайы қабанды атып өлтіргені туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша СДТБТ-да тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды, ол 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты" - делінген хабарламада.

Оқиға орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері қабанның ұшасын, тіркелмеген қос ұңғылы, тегіс ұңғылы көлденең, 16 калибрлі ИЖ-27 маркалы қаруын тәркілеген.

Сараптама өткізіліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.