Ақмола облысында сынама ҰБТ кезінде оқушының телефонды пайдаланғаны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ақмола облысында ҰБТ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, сондай-ақ Степногорск және Есіл қалаларының мектептерінің базасында өткізіледі», -делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің хабарламасында.
Айта кету керек, барлық аудиториялар мобильді құрылғылардың байланысын сөндіргіштермен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Бақылаушылар тестілеу процесін тестілеу залдарында орнатылған бейнекамералар арқылы онлайн режимде қадағалайды. Дегенмен, талапкерлер аудиторияға тыйым салынған заттарды (смартфондар, шпаргалкалар және т.б.) алып өтудің, жалған тұлғалардың қатысуының, сондай-ақ емтихан кітапшаларын шығарудың түрлі тәсілдерін табады.
«16 қаңтарда мониторинг барысында бірінші сағатта талапкердің тестілеу кезінде ұялы телефонын пайдалану фактісі анықталды, бұл ҰБТ өткізу ережелерін бұзу болып табылады. Осы дерек бойынша тиісті акт жасалып, оқуға түсуші тестілеу нәтижелерін жою арқылы аудиториядан шығарылды.
Сондай-ақ, биыл облыста 1900-ден астам оқушы ерікті түрде ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Бірінші ағымда 530 талапкер емтихан тапсырады», -деп толықтырды ведомстводан.