Ежелгі дәуірден бастап ата-бабаларымыз өмір сүру ортасы мен жер ресурстарын сақтай отырып, ерекше экологиялық таза өмір салтымен ерекшеленді. Прагматизм өзінің ұлттық кодын сақтаудың және қоғамдық сананы жаңғыртудың шешуші саласында тәжірибелік пен мақсаттылықты қажет ететін барлық процестерді қамтиды.
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінінің бастамасымен экологиялық мәдениеттті, өзіне және айналасындағы әлемге жауапкершілікпен қарауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған «Таза қала» акциясы 23 тамызда басталады, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.
Жобалық кеңсенің басшысы Қайрат Сейтқазиннің айтуынша, бұл ақмолалықтарды қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға, одан әрі қайта бөлу және жоюға шақыру.
«Егер біздің қаламыз бен облысымыздың әрбір тұрғыны өзінің күнделікті өмірінде осы мәселеге ерекше мәне брсе, онда біздің қала ең әдемі ғана емес, сонымен бірге ең таза болады!» - деді Қайрат Сейтқазин.
Айта кетерлігі, LS «Көкшетау» ЖШС 15 жылдан бері облыста тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау және алғашқы өңдеумен айналысады. Бұл компанияның өндірістік алаңдары қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавловск, Щучинск, Атбасар және Степногорск қалаларында бар.
Картон, макулатура, алюминий банкалары, полиэтилен, пластмассадан жасалған өнімдер және басқалары тұрмыстық қатты қалдықтар облыстық орталығының 9 қабылдау пунктінде тұрмыстық қалдықтардың әр килограмы үшін сараланған бағамен қабылданады.