25 қыр, 2019 сағат 16:40

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша семинарлар басталды

Ақмола облысында әлеуметтік салаға (мәдениет, білім, ішкі саясат) жауапты және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысатын мемлекеттік мекемелердің мамандарына арналған семинарлар басталды.

Жобаны «Рухани жаңғыру» санасын жаңғырту бағдарламасының негізгі бағыттары мен арнайы жобаларын түсіндіру және оны жүзеге асырудың тиімді жолдары мен әдістерін қолдану мақсатында «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қоры жүзеге асырады.

Алғашқы семинар Бұланды ауданында өтті. Онда Ақкөл ауданы, Біржан сал ауданы және Степногорск қаласының өкілдері қатысты. Целиноград ауданында өткен семинар Ақмола облысының 7 ауданын, атап айтсақ, Аршалын, Астрахань, Шортанды, Егіндікөл, Ерейментау, Коргалжын аудандарын қамтыды.

Семинарға «Рухани Жанғыру» Қоғамдық даму институтының жоба менеджері Мақенбаева Шарбат Қалкенқызы (Нұр-Сұлтан қ.) қатысып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді және практикалық құралдары туралы айтты.

Семинар кеше Көкшетау қаласында жалғасып, оған мемлекеттік органдардың 30 маманы қатысты. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы Сембі Әділет арнайы жобаларды жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы айтты. Теориялық білімді бекіту бойынша шеберлік сабағын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жоба тобының мүшесі Арконова Марал Төлегенқызы белсенді өткізді.

Бұл шараның келесі нүктесі – Жақсы ауданы, оған Атбасар, Есіл, Жарқайын  аудандарының мамандары жиналады. Қатысушылардың пікірінше, мұндай семинарлар практикалық тұрғыдан пайдалы және жаңа тәсілдерді дамытуға ғана емес, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда тәжірибе алмасуға да септігін тигізеді.