29 там, 2019 сағат 16:34

Ақмола облысында мәдениет колледжінің жаңа оқу корпусы ашылды

Бүгiн Көкшетауда Ақан серi атындағы жоғары мәдениет колледжiнiң жаңа оқу корпусы ашылды. Салтанатты рәсiмде Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев колледжге аты берiлген ұлы ақынның ескерткiшiне гүл шоқтарын қойды.

«Мемлекетiмiздiң бiлiм беру саясатындағы басты бағыт экономиканың жетекшi салалары үшiн мамандар даярлау болып табылады. Жаңа оқу корпусының ашылуы — баршамыз үшiн маңызды оқиға. Бұл елiмiзде бiлiм мен мәдениетке баса назар аударылып отырғанын көрсетедi», — дедi өңiр басшысы өзiнiң құттықтау сөзiнде.

Облыста «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда, оның шеңберiнде 10 колледждiң материалдық-техникалық базасы жақсартылады. Заманауи оқыту жабдықтарын сатып алуға 30 млн теңгенiң сертификатын тапсырып, Ермек Маржықпаев колледж студенттерi мен оытушылары аға ұрпақтық озық дәстүрлерiн жалғастыратынына және оқыту қызметiнде иннновациялық технологияларды пайдаланатынына сенiмiн бiлдiрдi.

Колледждiң жаңа ғимаратында заманауи кең оқу аудиториялары, 240 орындық 2 актi залы, кiтапхана кешенi, асхана, спорт және тренажер залдары, хореография сабағына арналған зал және ауласында спорт алаңы бар.

Өткен жылдың рейтингi бойынша көкшетаулық медениет колледжi республикамыздың мәдениет және өнер саласындағы оқу орындары арасында үздiк деп танылды. Оның түлектерi сұранысқа ие және мамандықтары бойынша Қазақстанның әр өңiрлерiнде, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерде жұмыс iстейдi.

Сол күнi облыс әкiмi Ермек Маржықпаев қалалық әдебиет және өнер музейiн реконструкциялау барысымен танысты. Мердiгерлер жұмысқа шiлде айында кiрiскен. Қазiргi уақытта демонтаж толық жүргiзiлiп, қараша айына дейiн қасбетiн декаративтiк материал — травертинмен әрлеудi, аумағын абаттандыру және ғимараттың iшiн әрлеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Заман талабына сай экспозициялық залдарды реконструкциялау да жоспарда бар. Жобаның тұжырымдамасы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнография институтымен келiсiлген.