21 мау, 2022 сағат 17:23

Ақмола облысында құрылысшы тоққа түсіп көз жұмды


Ақмола облысында құрылысшы тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, маусымның 20-сында Есіл аудандық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, жаңадан салынып жатқан нысандардың бірінде жұмысшыны тоқ соғып, көз жұмғанын айтты. 

«Анықталғандай, көз жұмған адам - Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны. Есіл қаласында құрылыста жұмыс істеген. Оны бетон араластырғыш машинаны тазалау кезінде тоқ соққан», - деді ведомстводан. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.