© Photo: СС0 / Thorsten Frenzel
Прокурорлардың тексерісінен кейін аумағы 30 мың гектардан асатын жайылым жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Бурабай аудандық прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбайтынын анықтаған.
"Талдау қорытындысы бойынша Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.
Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 285 млн теңгені құрайтын жайылымдар қайтарылды. Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Осылайша, аудан аумағында жайылым жерлердің тапшылығы 50%-ға қысқарды", - делінген хабарламада..
Прокуратура осы бағыттағы жұмысты жалғастырып жатыр.