18 нау, 2020 сағат 21:15

Ақмола облысында қолға арналған антисептик шығарыла бастады

Ақмола облысында қолға арналған антисептик шығарыла бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қаласындағы «Тұрмыстық химия зауыты» жауапкершілігі серіктестігінің экологиялық таза өніміне жұрттың сұранысы жоғары. Зауытта қазақстанның солтүстік өңірлеріне тұрмыстық химиялық заттарының бірнеше түрі шығарылады.

Елімізде коронавирус падемиясына қатысты күрделенген жағдайға байланысты жергілікті зауыт қолға арналған антисептик шығары бастады. 

«Біздің зауыт қысқа мерзім ішінде бактерияға қарсы және қолға арналған антисептик шығаруға бейімделіп, өндірісті іске қосты. Қазіргі кезде, «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ Басқармасымен 15 мың литр антисептикалық өнімге келісім-шарт жасадық. Өндіріс толық қуатымен жұмыс істеуде», - дейді зауыт басшысы Фарук Құрмаев.

 

Кәсіпорын басшысының айтуынша, қолға арналған антисептиктің құрамында дезинфекция жасатын концентрат, жергілікті Айдабол спирті, глицерон, иістендіргіш және спецификалық қоспа бар. Кәсіпорын айына 60 мың литр өнім шығарады. 1, 5 литр және 220 миллилитрлік құтыға құйылған антисептиктің бір литрі 1500 теңге тұрады. Бұл өңірдегі ең арзан қолға арналған антисептик.