02 қар, 2022 сағат 17:50

Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9,5 жылға сотталды


Ақмола облысында екі қызды зорлаған жігіт 9,5 жылға сотталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

4 қаңтарда Астрахан ауданының жеке үйлерінің бірінде таныс жігіттер мен қыздар жиналған. Алкоголь өнімін ішкеннен кейін жігіттердің бірі екі қызға қатысты жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасаған. Келесі күні қыздар зорлаған жігіттің үстінен полицияға арыз жазған.

"Астрахан полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Зорлау дерегі сот-медициналық сараптаманың нәтижелерімен дәлелденді. Сондай-ақ жәбірленушілердің дене жарақаттары болды.

ПБ тергеушісі Ж.Такенова атқарған жұмыстың нәтижесінде қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жиналып, кейіннен олар сотқа жолданды.

14 қазанда Атбасар аудандық соты қылмыстық іс бойынша күдікті Астрахан ауданының 27 жастағы тұрғынын кінәлі деп танып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды" - делінген хабарламада.