Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Айналаға қара» республикалық шағын жобасын жүзеге асыру мақсатында «Бір апта ауылда» әлеуметтік бастамалар сериясы іске асып жатыр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамыту, адами құндылықтар жүйесін құру және нығайту, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу үшін практикалық дағдыларын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінді. Алға қойылған мақсаттарды іске асыру, сондай-ақ Ақмола облысының ауылдық секторын дамыту туралы оқушылардың түсінігін кеңейту үшін Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы 2017 жылдан бастап қала оқушылары үшін «Бір апта ауылда» әлеуметтік жобасын өткізуде.
Бұл іс-шараның мақсаты - қалада тұратын оқушыларды ауыл өмірімен және тұрмысымен таныстыру, өлкеміздің тарихы мен мәдени мұрасын білу, мал фермаларына, егіс алқаптарына, шаруашылықтарына бару.
2017 жылы желтоқсан айында Көкшетау, Степногорск, Щучинск және Атбасар қалаларының 50 оқушысы үшін «Бір апта ауылда» жобасы ұйымдастырылды. Балалар жоба аясында Бурабай ауданының Кенесары ауылындағы «Кенесары – Астық» ЖШС-не барып, астық және май тұқымдарымен және сақтау үрдісімен танысты. Өсімдік мәдениетіне талдау жасайтын зертхананы көрді. Кенесары ауылындағы «Есіл-Агро» ЖШС-нің мал фермасына барып, Венгриядан әкелінген сүтті сиырлардың түрімен танысты. Ол сүттер Көкшетау қалалық сүт зауытына, Щучинск қаласындағы «Айна» сүт зауытына және Солтүстік Қазақстан облысына жіберілетінін білді. Жылқы және түйе өсірумен айналысатын «Құмқосақ» шаруашылығына барып, ат және арба үстінде жүріп, қымыз бен шұбат ішіп дәмін татты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының техникасын құрастыратын Қазақстан Агро Инновациялық Корпарациясымен де танысты.
Ірі қара малдың Венгриядан әкелген голштин тұқымының 1500 басы бар «Есіл Агро» мал фермасына да барды. Шаруашылықтың мамандары ферманың құрылымы туралы, жануарлардың әдеттері жайында, даму мүмкіндектері туралы айтып берді. Балалар әйнектен сауу үрдісін, тәжірибелі сауыншылардың қалай сауу аппараттарымен жұмыс істейтінін, сүт қалай жиналатынын, құрылғылар қалай істейтінін бақылады. Жоба аясында аса маңызды іс-шаралардың бірі – кәсіби бағдарлау. Сол себепті балалар Щучинск қаласының туризм және сервис индустриясы колледжіне және жоғарғы колледжіне барды. Қатысушыларымыз колледждерде даярлайтын мамандықтар туралы, қабылдау шарттары жайында толық ақпарат алды, колледждің дәрісханаларын және зертханаларын көрді, тақырыптық стендтарда берілген материалдарды оқыды.
Қатысушылардың саяхаты Қима ауылынан басталды. Ауылға кірер кезде ақ жаулықты әже дәстүрлі шашу шашып, жақсы тілектерімен қарсы алды. Дәм татқаннан кейін, саяхат Қима ауылының мұражайына жалғасты. Әсіресе балаларды ауылдың пайда болу тарихы қызықтырды. Көптеген аңыздардың біріне сәйкес, ауыл атауы басқа ауылға тұрмысқа шыққан қыз туған өлкені үлкен өкінішпен (қимастықпен) тастап кеткені айтылады. Сондай-ақ балалар ауыл мектебімен танысты. Интернаттың жанында киіз үй қойылып, үлкен қазанда арнайы қатысушылар үшін бауырсақ пісірілді. Сондай-ақ қатысушылар Ишим ауылымен танысты. Ишим мектебін көріп, тамаша концерттік бағдарламаны қызықтады. Ауыл тұрғындары балаларды сүзбе және кұрт қалай дайындайтынын үйретті. Бағдарлама қатысушылары Ишим мектебінің оқушыларымен бірге Баубек батыр кесенесіне барды. Ауыл тұрғындары да кесенеге барып, дұға оқыды. Сонымен қатар, балалар Құлшақ көпірінің орнында болып, Тасқа айналған ағашты, сондай-ақ қазба орындары мен қорғандарды көрді.
Баубек батыр туралы алған білімдерін балалар Запорожье және Терісаққан ауылдарында тереңдетті. Балалар Баубек батыр туралы фильм көрді, мұражайды көрді, ауыл шаруашылық техникасымен танысты. Қатысушылар Терісаққан өзенінде балық аулап, тұрғындар балық сорпасын пісірді. Балалардың қызықты және танымдық саяхаты Алғабас ауылында жалғасты. Алғабас мектебінің директоры ауылмен және мектеппен таныстырды. Одан әрі «Рухани жаңғыру» кабинетіне дайындалған концертті көрді. Оқушылар құрт пен қаймақ қалай дайындалатынын көрді. Сонымен қатар, балалар қойларды қырқып, жылқының жиналуымен танысып, балапандарды тамақтандырып, арбада жүріп көрді. Түстен кейін балық аулап, сорпа дайындап, әр түрлі ұлттық ойындар ойнады.
Саяхат барысында балалар Жақсы ауданының №2 орта мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинетімен танысты. Бұл кабинет республика бойынша үшінші, ал облыс бойынша бірінші болып ашылды. «Рухани жаңғыру» кабинеті туралы мектеп белсенділері мен кабинет менеджерлері айтып берді. Мектептен шығып, балалар элеваторға барды. Астықты өндірумен «Урожай» ЖШС директорының орынбасары Ерлан Тасболатұлы таныстырды. Астықты нан өнімдеріне айналдыру процесін балалар ерекше қызығушылықпен бақылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Астық өнімдерін айдау процесімен танысу тазалау диірменінен және зертханадан басталды. Балалар тәулігіне 250 тонна астық өңделеді және 160 тонна ұн өндірілетінін және ұнды елдің түкпір-түкпіріне, Қытай мен Ауғанстан сияқты елдерге жеткізетінін білді. Соңында балалар нан зауытына барды. Одан кейін «Тұрсынбек Әбдіғалиұлы Уәлиев атындағы спорт мектебі» ЖШС-де болды, онда балалар спорттың үш түрі: футбол, бокс және грек-рим күресі бойынша жаттығады. Балалар жаттығу залдары бойынша өтіп, мектеп мұражайында болды. Жобаның мақсаты орындалды. Қатысушыларға осы ай ең қызықты және ұмытылмастай болды.