Фото: pexels.com
Ақмола облысында 90 млн теңгені алаяқтық жолмен алып кеткен тұрғын ұсталды. Ол бас-аяғы 47 алаяқтық эпизоды бойынша айыпталып отыр. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері оны 18 қыркүйекте ұстаған.
"2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы және Ақмол ауылында тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген", - делінген прокуратура хабарында.
Қазіргі уақытта аталған күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.