Ақмола облысында осыдан 6 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 26 жастағы қыз іздестірілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы ақпанның 11-да Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны хабарласып, 26.06.1993 жылы туған қызы Шолпан Жұмабекқызы Ахметті іздеп табуға көмектесуді сұраған. Әйелдің айтуынша, 7 ақпаннан бастап қызының қайда жүргені белгісіз.
Жоғалған қыздың бойы - 156 см, дене бітімі орташа, шашы қара түсті, ернінің оң жақ тұсында меңі бар.
Үстіне жасыл түсті, тізесіне дейін ұзын куртка, шашағы бар қара шәпке, көк түсті джинсы, аяғына қоңырт түсті, бауы бар бәтеңке киген.
«Анасының айтуынша, қызы 7 ақпан күні Көкшетау қаласындағы ХҚО кеткен. Кейін анасы хабарласқанында ұялы телефоны өшірулі болған. Содан бері еш хабар жоқ», - дейді ведомвстодан.
Қазіргі кезде, қыздың жүрген жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары Шолпан Жұмабекқызын көрген және жүрген жерін білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуды сұрайды.