14 ақп, 2020 сағат 21:05

Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті ақмолалықтар! Мен үшін туғандай болып кеткен Ақмола облысының өсіп-өркендеуіне сіздермен бірге 3 жылға жуық қызмет ету үлкен мәртебе болды. Қызмет бабымда халықпен ашық болуға тырыстым, бірлескен жұмыс нәтижесінде біз көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткіздік. Сондай-ақ, киелі Көкше жерінде біраз адамдармен достастым. Бірге қызмет еткен барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін!. Барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жаңа жауапты қызметте қолдануға тырысамын. Ел және Ақмола облысы басшылығына көрсетілген сенім үшін үлкен рахметімді айтамын!», - деп жазды М.Иғалиев.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 17-ші тамызында Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері бойынша орынбасары етіп тағайындалған болатын.