16 қаз, 2018 сағат 20:54

Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Мәлiк Мырзалин аппараттық кеңесте Ақмола облысы әкiмi аппаратының жаңа басшысын таныстырды.

Облыс әкiмiнiң өкiмiмен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша Талғат Серiкұлы Бөлтенов Ақмола облысы әкiмi аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Талғат Бөлтенов, 1970 жылы туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын және Республикалық салааралық есеп және статистика институтын бiтiрдi.

Мемлекеттiк қызметтегi еңбек жолын 1999 жылы Ақмола облысының экономика басқармасында бас маман болып бастады. 2000-2001 жылдары бөлiм бастығы, одан кейiн 2001-2007 жылдары Ақмола облысы экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi бастығының орынбасары болды.

Ол бүгінге дейiн Ақмола облысының қаржы басқармасын басқарған болатын.