27 қаң, 2019 сағат 20:38

Ақмола экономикасына 210 миллиард теңге жеке инвестиция тартылды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен Ақкөл ауданында өткен көшпелі әкімдік мәжілісінде өңірдің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері талқыланды. Бұл туралы облыс əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс басталмас бұрын шараға қатысушылар, облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар жəне қалалардың әкімдері мен орынбасарлары, департаменттер мен басқармалардың жəне ведомстволардың басшыларына Ақкөл қаласына экскурсия ұйымдастырылып, еліміздегі тұңғыш «Ақылды қала» - «Smart Aqkol» жобасы шеңберінде жүзеге асырылған игі жаңалықтар таныстырылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы қаңтардың 22-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақкөл қаласында болып, еліміздегі тұңғыш жасалған шеңберінде жүзеге асырылған жобамен танысып, «Smart city - ақылды қала» заманауи технологияларын енгізу пилоттық жобасына оң баға берген еді. Енді міне, Қазақстан бойынша тұңғыш болып отырған осы «Ақылды қала» - «Smart Aqkol» жобасымен облыс активін кеңінен таныстырудың мүмкіндігі жасалып отыр.

«Бизнес-процесстер облыстық құрылымдарға ғана емес, республикалықтарға да қатысты. Əр ведомствоның болып жатқан оқиғаға жедел әрекет етуде өз хаттамасы мен механизімі бар. Ахуалдық орталықта тұрғындардың сауалына жедел әрекет ететін білікті жəне даярлықтан өткен мамандар болуы тиіс. Өз кезегінде адамдардың аталмыш орталықтың қызметін сапалы қолданулары үшін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», деді Мəлік Мырзалин.

Ақмола облысы əкімінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көшпелі мәжіліс отырысында алдымен өңірдің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына назар аударылды. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев жан-жақты түсіндіріп айтып берді.

Өткен жылғы экономиканың әрқилы саласындағы табыстар туралы айтатын болсақ, облыс экономикасының барлық саласында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Тау-кен өндірісі, өңдеуші өнеркəсіп жəне азық-түлік өнімдерін өндіруде нақты көлем индексінің артқаны байқалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 397 миллиард теңгені құрады. Облыс экономикасына 210 миллиард теңге жеке инвестиция тартылды. Жаңа өндеуші кәсіпорындардың ашылуы май өндірісін 1,8 есеге, өсімдік майын - 19 пайызға, ет - 12 пайызға, өңделген сүт - 10 пайызға аттырауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы артып, 478 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл яғни,4707 пəтер. Облыста үш ауысымдық мəселесін шешу мақсатында 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның бірі, Көкшетау қаласындағы ІТ мектеп-лицейі. Қазіргі кезде, 5 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ал, бюджеттің орындалуы туралы Ақмола облысының қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Белая айтып берді. Оның айтуынша, бюджет көлемі 225,8 миллиард теңгені құрады. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,9 пайызға орындалды. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.

Сонымен қатар, мәжілісте Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы Ержан Сəденов ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы айтып берді.