Фото: Дидар Смағұлов/Facebook
Ақмола облысы Ақкөл қаласының әкімдігі қалалық стадионның киім ауыстыратын бөлмесіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық қорының директоры Дидар Смағұлов оны "қораға" ұқсас және балаларға жарамсыз деген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Град Строй Сервис" ЖШС (Шымкент) құрылыс компаниясымен жасалған негізгі келісімшарт бойынша жобалық-сметалық құжаттама негізінде тек футбол төсемін жасанды абаттандыруды және жүгіру жолының тартан жабындысын төсеу жұмыстары жоспарланған болатын.
Киім ауыстыратын бөлмені орнату қосымша келісіммен енгізілген, бірақ қаржыландырудың болмауынан жұмыс аяқталмады. Актіге қол қойылғанға дейін бөлмені пайдалануға болмайды", - деді әкімдік өкілдері.
Баспасөз қызметі өкілдері нысанға қызмет көрсету кепілдігі 2023 жылға дейін жарамды екенін және мердігер қыркүйекке дейін кемшіліктерді жоятынын айтты.