10 нау, 2022 сағат 11:26

Әкімдіктер тыңайтқыш субсидиясына 27 млрд теңге бөледі - АШМ


Егіс алқабын өңдегу қажет субсидяи алу үшін диқандарға 29,7 млрд теңге бөлініп отыр. ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұл бүлкі егіс алаңын қамтуға жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша, биыл шамамен 659 мың тонна минералды тыңайтқыш себу жоспарланған. Бұл өткен жылғыдан 32,2 мың тонна артық. Бүгінгі таңда 226 мың тонна тыңайтқыш жеткізу туралы келісім-шарт жасалды. 

Іс жүзінде барлық өңірлерде минералды тыңайтқыштарды жөнелту басталды. Аграршыларға шамамен 56 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді. Оның ішінде оңтүстік өңірлердің үлесі – 16,9 мың тонна. Қоймаағы қор негізінен импорттық тыңайтқыштар есебінен қалыптасты», - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол аймақтарға дақылдардың өнімділігін арттыру үшін тыңайтқыштарды қолданудың маңыздылығына назар аударуды ұсынды.

«Әсіресе олардың құнының өскенін ескере отырып, фермерлерді тыңайтқыштармен уақтылы және толық қамтамасыз ету қажет. Әкімдіктер тарапынан субсидиялауға 27 млрд теңге қарастырылған. Оларды барынша тиімді пайдалану керек.

Пестицидтерге келетін болсақ, олардың бағасы да өсті. 2020 жылмен салыстырғанда пестицидтердің бағасы екі есе өсті. Былтыр көктемде бағаның өсуі 70% болса, күзде бағалар 2 есе өсті.

2022 жылға арналған пестицидтерді субсидиялау бағдарламасына 29,7 млрд теңге көзделген. Бұл егіс алаңын 100% өңдеуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр.