Алматы әкімдігі қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың нақты орташа құнын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде нақты тариф орта есеппен 250 теңгеден асады. Яғни, жол ақысы - 250 теңге. Бірақ қала билігі 7 жыл бойы 80 теңге тарифін ұстап отыр, биыл сегізінші жылға кетті», - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әділов Алматыда өткен брифингте.
Оның айтуынша, өткен жылы әкімдік тасымалдаушы компанияларға 9 миллиард теңге субсидия берген. Биыл осы мақсатта субсидия көлемі шамамен 20 миллиард теңге болмақ. Бұл бүкіл қала бюджетінің 1/15 бөлігін құрайды.
Қазір Алматыда 14 автобус паркі жұмыс істеп тұр.