02 нау, 2021 сағат 07:45

Әкімдер негізгі азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылауға алуы қажет – Мамин

Әкімдер негізгі азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылауға алуы қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әкімдер негізгі азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылауға алуы, өңірлерде тұрақтандыру қорларын құру тәсілдерін қайта қарауы, азық-түлікті форвардтық сатып алу механизімін кеңінен пайдалануға назар аударуы қажет деп санаймын», - деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысының айтуынша, осы бағытта Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында тиімді жұмыс ұйымдастырылған. Бұл өңірлерде бағалардың ең төменгі өсуі байқалады.

«Сонымен бірге, Қостанай, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында бағалардың ең жоғары өсуі тіркелді. Біздің басты мақсатымыз – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,- деді Премьер-Министр.