Оранғай ауылдық округінде болған Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Бостандық елді мекеніндегі М.Қазыбеков жалпы орта мектебіне соқты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сонымен қатар ол «Әл-Береке» АШӨК көкөніс және жеміс-жидек дақылдарын қайта өндеу және сақтау цехының жұмысынмен танысып, сол ауылдағы М.Әуезов жалпы орта мектебін де көрді. Тиісініше, білім беру нысандарының қысқа дайындығын пысықтап, қатты отынмен қамтылуын қатаң бақылауға алу керектігін айтты. Сыныптарды аралап, сабақ өту барысымен танысты. Спорт зал мен мәжіліс залдарында өтіп жатқан үйірме жұмыстарына кіріп, жүлдегер спортшы жастармен кездесті. Домбыра үйірмесіне қатысушы жастардың өнерін тамашалады.
Ауылдық клубта ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауыл әкімі Сыздық Пирметовтің есебін тыңдады.
Жарыссөзге шыққан ауыл тұрғындары атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, біршама мәселелерді сөз етті.
Барлық мәселелерді мұқият тыңдаған қала басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев ауыл болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді. Жиынның қорытындысында ауыл ақсақалдары елдің амандығын тілеп, көпшілікке бата берді.