09 шіл, 2021 сағат 12:48

Ахметжанов қазақстандықтардың шетелдік шоттары қалай бақылауға алынатынын айтты


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов шетелге ақша жылыстатудың жолын кесетін тәсіл қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының салық ақпаратын автоматты түрде алуға болатын дүниежүзілік жүйеге қосылып жатыр. Оның көмегімен біз шетелдік шоттар мен активтер туралы мәліметтер алу мүмкіндігіне ие боламыз. Енді жемқорлар ақшаны шетелде жасыра алмайды», - деді Марат Ахметжанов агенттіктің алқа мәжілісінде. 


Оның айтуынша, агенттік Мәжіліске негізсіз баю үшін жауапкершілік енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер енгізген. 

«Түзетулердің негізгі новеллаларының бірі негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу болады. Бұл биылдан бастап іске қосылған жалпыға бірдей декларациялау тетігінің логикалық жалғасы болып табылады», – деді ол.